"Сөзіне дәлел келтіре алмады": Асхат Садырбай экс-әйелін сотта жеңіп шықты

Сағыныш Сардарова 05 мау. 2025 10:54

Журналист Асхат Садырбай мен бұрынғы әйелі Айғаным Қорабаеваға қатысты сот отырысы аяқталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Асхат Садырбай әлеуметтік желіде жазды.

"Ақиқат жеңді! Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан рөлін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес іс жүзінде!" - деді журналист.

Оның сөзінше, сотта екінші тарап дәлел келтіре алмаған.

"Иә, құрметті оқырман, бүгін менің жеке басыма айтылған жалған ақпараттар, ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіру бойынша бірнеше айға созылған сот аяқталды. Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан ақпараттардың біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына “өзім ойдан айта салдым” деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл адамның өмірі мен тағдыры. Ақпараттық шабуыл маған және менің отбасыма ауыр тиді. Бұл сот болмас та еді. Алайда өтіріктің үстіне өтірік қосылып үдей берді. Ал, менің мақсатым біреуді соттау емес, өзімнің кінәсіз екенімді амалсыздан заң жүзінде дәлелдеу еді. Тіпті моральдық шығын да қажет емес, медиациямен шешейік дегенде де жауапкер тарап басында басқа сөйлеп, кейін қайтадан өз әдеттеріне салып кері кетті. Тіпті сот отырысына камера алып келіп шоу жасағысы келді. Қысқасы осымен тәмам! Алдағы уақытта соттың ресми шешімін және қосымша ақпараттарды толық жариялаймын! Қолдаған жандарға мың алғыс. Аман болыңыздар!" - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар