Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған Созақ ауданындағы «Суындық» каналына қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен қолға алынды. Жұмыс барысы Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың бақылауында.
Ұзындығы 23 шақырымдық «Суындық» су арнасының 19 шақырымына «лоток қалқаншалар» орнатылып үлгерген. Күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэффициенті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезенде сумен қамтамасыз етіледі.