Бүгін Шолаққорған ауылындағы орталық алаңда «Мемлекеттік рәміздер» күніне орай мерекелік шара өтті. Оған аудандағы барлық мекемелер мен аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында аудан әкімі С. Полатов барша аудан тұрғындарын осынау мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Еспенбетов жүрекжарды лебізін білдіріп, рәміздердің қадір қасиетін атап өтті.
Мақсатында автокөлік шеруі өтіп, олар ауыл ішін аралап, мемлекеттік рәміздер ұлықталды.