Биыл бұл тізімге 180 мемлекет енген. Өзбекстан 2017 жылдан көрсеткішін жақсартуда. Көршіміз бұл рейтингіде 13 сатыға өрлеп (биыл 4 сатыға) 156-ға орынға тұрақтапты. Одан кейінгі орында Қазақстан тұр.
Қырғызстан 82-ші, Тәжістан 161-ші, Ресей 149-ші, ал Түркменстан осы рейтингінің соңын ала 178-ші орынға жайғасқан.
БАҚ пен сөз бостандығына кедергі келтірмейтін елдердің алдыңғы шебінде – Норвегия, Финляндия, Дания, Нидерланды және Швеция тұр.
Соңғы жылдары Өзбекстанда бұған дейін "қара тізімде" болған көптеген сайттар бұғаттан шықты. БАҚ-ты тіркеу процесі оңтайланды. Репортаждар тікелей эфирде таралатын болды.
Журналистер жемқорлық пен заңсыз жұмысқа жегу жағдайын жасырмай хабарлайтын жағдайға жетті.
Өзбекстанда БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы жүруде, оның ішінде Журналистердің кәсіби этикалық кодексі әзірленуде деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Мирзияевтың бұйрығымен тәуелсіз БАҚ-тың жұмысына кедергі келтірмеуге және меморгандардың баспасөз қызметін дамытуға көңіл бөлінуде. Меморгандардың ашықтығын қамтамасыз ету жұмысы қызу жүруде.
Биылғы жылдың басында отандық масс-медианы қолдайтын қор құрылды. Бұл қор өз кезегінде медианарықтағы бәсекенің әділетті негізде жүріп, журналистер мен блогерлердің құқығына қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.
Осыдан бір жыл бұрын Өзбекстанның халықаралық рейтингілер мен индекстердегі көрсеткішін жақсарту мақсатында арнайы комиссия құрылған. Оған осы елдің вице-премьері Жәмшід Құшқаров жетекшілік етеді.