Сот Ерлан Нығматулиннің компаниялардағы үлестерін бұғаттады

Қаракөз Амантай 18 ақп. 2026 11:52

Астананың ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты өткен жылдың соңында Ерлан Нығматулинге тиесілі бірнеше компаниядағы үлестерге шектеу қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Сот шешімі бойынша Qaz Enrichment, Asia FerroAlloys, EkibastuzFerroAlloys және "Қаражыра" компанияларындағы үлестеріне тыйым салынды", - дейді ГосАрхив дереккөзі.

Сот бұл шешімнің қай іс бойынша қабылданғанын нақтылаған жоқ. Іс жабық форматта қаралғандықтан, оның толық мәліметтері жарияланбайды.

Айта кетейік, жақында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев экс-Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасына қатысты қылмыстық іс бойынша соңғы мәліметтерді жариялаған еді.

Оның сөзінше, Арғын Нығматулинге қатысты Қарағанды облысының хоккей клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Арғын Нығматулинге қатысты Қарағанды облысының хоккей клубына бөлінген қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ол қазір іздеуде», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Бұған дейін Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин Қазақстанда жоқ екенін айтқан болатын


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove