Сот Азамат Омаровты қамаудан босатудан бас тартты

Сот Азамат Омаровты қамаудан босатудан бас тартты
Фото: за нами уже выехали

Сот "Ахуал Сегодня" YouTube арнасының авторы Азамат Омаровқа қатысты бұлтартпау шарасын жеңілдетуден бас тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.

"За нами уже выехали" телеграм арнасының мәліметінше, адвокаттары оны қамаудан босатып, бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бұл туралы Омаровтың жұбайы Венера Мустафина мәлімдеді.

Оның айтуынша, өзі тергеу изоляторына барып, Азамат Омаровпен кездескен. Қазіргі уақытта ол бес адамға арналған камерада отыр, онда өзімен бірге тағы үш адам қамауда.

Еске салайық, Азамат Омаров 18 шілде күні өз үйінде ұсталған болатын. Тінту кезінде компьютерлері, қатқыл дискілері мен ұялы телефондары тәркіленген. Кейін Астана соты оны ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке байланысты екі айға қамауға санкция берген.