Солтүстік Корея ядролық нысанын кеңейтіп жатыр

Солтүстік Корея ядролық нысанын кеңейтіп жатыр
pixabay.com

Солтүстік Кореяның Йонбендегі негізгі ядролық кешенінде жаңа уран байыту нысаны салынған, деп хабарлайды dalanews.kz.

МАГАТЭ мәліметінше, жаңа екі қабатты ғимаратта 28-ге дейін центрифуга каскады орналаса алады. Ұйым Солтүстік Кореяның Каңсондағы уран байыту нысанының да кеңейтілген бөлігінің жұмыс істей бастағанын анықтаған. 

Бұл нысандардың жұмыс істеуі мен қаруға жарамды ядролық материал өндіру көлемінің артуын алаңдатарлық жағдай деп бағалады. Ұйым Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын кеңейтуі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын бұзатынын атап өтті. 

Солтүстік Кореяда инспекторлары 2009 жылдан бері болмағандықтан, нысандардағы жағдайды спутниктік суреттер мен ашық деректер арқылы бақылап отыр.