Үкіметтің кезекті отырысында Минкабинет басшысы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелер.әлі күнге дейін шешімін таппағанын мойындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мысалы, әкімдіктер базалық инфрақұрылымға қосылу үшін бизнестің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алмай жатыр.
Жоспарланған жобаларды уақтылы іске қосу үшін өңірлер жедел түрде инженерлік желілер мен коммуникацияларды тартуы қажет,- деді Смайылов.
Үкімет басшысы әкімдерге бірқатар тапсырмалар берді. Оның айтуынша, салық салудың сервистік моделіне көшу қажет.
Бизнесті қолдауға баса назар аударуымыз ққажет. Ұлттық экономика министрлігі оны қайтару мерзімдерін қысқарту үшін қосылған құн салығын әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарауы тиіс. Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды ынталандыратын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу де үш жылға жекелеген салықтарды алып тастай отырып, жеделдетілуі керек. Салықтардың санын 20%-ға, салық есептілігінің нысандарын 30%-ға оңтайландыру қажет, деді министрлер кабинетінің басшысы Смайылов.