Санжар КЕРІМБАЙ
Тоқтадым да:
– Қайда? – дедім.
– Есентай Молл. Апарасыз ба?
– Иә, отырыңдар.
Екеуі артқы орындыққа жақсылап жайғасып алды. Отыра сала айфондарын шығарды да шұқылай бастады. Айнадан екеуінің іс-қимылын бақылап қана үнсіз келемін. Кәдімгі қаланың қыздары. ВК-ға кіріп алып, СМС жазып, бір-біріне суреттер көрсетіп мәз. Көлік болса қалың нөпір машинаның ауыр ағысында ілбіп қана жылжиды. Мен әдетімше, құр отырмай, бұларды зерттеп отырайын дедім де:
– Қыздар, студентсіңдер ме? – дедім.
– Жоқ. Бітіргенбіз.
– Жұмыс істейсіңдер ме?
– Құрылыс фирмасында бір жылдай істедік. Экономика күйреген соң штатты қысқартты. Жұмыссыз қалдық.
– Нені бітіріп едіңдер?
– ИнЯз
– Ағылшын?
– Иә.
– Охо, менің де жақсы көретін тілім.
– Сіз де оқып пе едіңіз?
– Иә, жас кезімде оқығам, – дедім. Осылайша әңгіме жарасты да, сұрасып, таныса бердік. Екеуі де Алматыда туып, қалада өскен. Біраз біліскен соң олардың мүлги бастаған миларын солқ еткізетін бірінші сұрақты қойдым.
– Қыздар сендерге сұрақ қойсам бола ма?
– Смотря қандай?
– Кәдімгі өмір туралы салмақты cұрақ.
– Қойыңыз. Көрейік жауап беріп, – деп екеуі де марғау кейіпте еріне тіл қатты. Мен:
– Осы сендердің армандарың бар ма?
– Арман? Қандай арман?
– Кәдімгі арман. Мечта?
– Ну, конечно бар. Армансыз адам бола ма?
– Ал, тыңдайық арманыңды.
– Ой, ағай арман деген көп қой айта берсе. Қайсы бірін айтамыз.
– Олай болса ең маңыздысын айт.
– А, чье ағай, сізге бәрін айту міндетті ме не?
[caption id="attachment_13051" align="alignright" width="1076"] SONY DSC[/caption]
– Міндетті емес, әрине. Қарап отырғанша жол қысқарсын дегенім ғой. Жарайды, арманды былай қоя тұрайық. Сұрақ былай болсын, ендеше.
– Сендердің өмірлеріңде Мән бар ма? Смысл? Орысша айтқанда, ради чего стоит жить? «Мына қызығым немесе мына қымбатты нәрсем үшін өмір сүремін» деп, тіршілікке құштар қылатын қимас нәрсең бар ма бұл өмірде? Қысқа қайырғанда не үшін өмір сүресің?
Осы сұрақ қойылғанда барып, екеуі селк ете түскендей болды. Екеуі де кібіртіктеп, біраз абыржып отырып қалды. Оң жақтағысы:
– Бұл өмірде адамдарға жақсылық жасау керек. Ешкімге зиян тигізбеу керек. Құдайға құлшылық қылып, намаз оқып, ораза ұстап жәннатқа баруымыз керек, – деп аяқ астынан уағыз айта жөнелді. Кәдімгі қала қызының тура молдалар сияқты уағыз айтқаны қызық боп көрінді. Оның пейіштегі нығметтер туралы әңгімесін біраз тыңдап болған соң:
– Аха, түсінікті болды. Сонда ради жанната живем да? Солай ма? Смысл пейіш болды ғой?
– Солай шығар. Ой даже не знаю, ағай.
– Сен бұл ілімді қайдан білдің? Арнайы оқыдың ба? Осы кезде әңгімеге ту сыртымда отырғаны араласты. Ол:
– Ағай, бұ қыздың бұрынғы жігіті намазхан болған. Сол үшін ата-анасы отсталый балаға шықпайсың деп, қатынасын үзіп тастады. Содан бері басы бос, – деді.
– Жарайды, солай-ақ болсын делік. Онда сен айтарсың не үшін өмір сүретінімізді?
– Меніңше, семья. Жақсы адамға тұрмысқа шығып, бала-шағаң болса. Соларды оқытып, тоқытып, дұрыстап өсіріп шығарсаң, сол шығар өмірдің мәні деген? – деп, өзіне онша сенімді емес тонда жауап берді.
– Жарайды, солай болсын делік. Енді дайын тұрған жігіттерің бар ма? Бүгін-ертең аламын деп серттескен серілерің бар шығар?
– Жоқ.
– Жастарың 24-ке кетті ме?
– Иә.
– Сонда өмірлеріңде еш Мән қалмады ма?
– Ой, білмеймін, ағай. Жігіт жоқ болса, не істейміз енді? А, кстати, ағай, сіз журналистсіз бе? Сондай наводящий сұрақтар қойып, адамды ойландырып қоясыз? Кімсіз өзі?
– Мен жай әшейін Виктор Франкл деген кісі негізін қалаған Логотерапия деген ғылыммен өзімше айналысам. Әртүрлі жағдайда кездескен адам менің зерттеу объектіме айналады.
– Сонда ол не ғылым? Нені зерттейді? – деп екі қыз қызыға бастады. Біз қаланың қалың пробкасында келе жатқандықтан уақыт мол еді. Мен асықпай Логотерапия туралы тарқатып айта бердім. Олар құмарта тыңдап, ауыздары ашылып отыр. Әңгіме әбден қызған кезде:
– Айтпақшы, Франкл ең атақты кітабында сендер туралы да тамаша толғам айтқан, – деп, онсыз да қызып тұрған әңгімеге май құя түстім. Олар:
– Біздер жайлы? Қыздар жайлы ма сонда? – деп, ентелей түсті.
– Иә, қыздар жайлы.
– Сонда не депті?
– Сендер жаңа жігіт жоқ дедіңдер. Жігіт жоқ болған соң, семья да жоқ. Семья болмаған соң смысл да жоқ. Солай ғой?
– Иә, жоғына жоқ қой енді. Кездеспесе өлеміз бе?
– Сендер көп жігітті қыздарға тұрақсыз деп айыптайсыңдар ғой, солай ма?
– Иә, ол да рас. Оқып жүргенде талай жігітті көрдік. Олар қыздарды как перчатки меняют.
– Охо, міне. Маған да керегі осы сөз еді. Франклдың «Человек в пойсках смысла» деген кітабының «О смысле любви» деген бөлімінде как раз осы мәселеге тоқталады, – дегенді ерекше акцентпен нығыздап тұрып айттым. Олар да өздеріне өте қатысты маңызды әңгіме басталғанын сезгендей көздері тіріліп шыға келді.
– Иә, не дейді ол жерде? – деп екі қыз айфондарын өшірді де әңгімеге шындап ден қойды. Осылайша біздің сұхбаттың ең қызған, ең қайнаған жеріне ақыры келіп жеттік.
Олардың ең жақсы көретін типтерін Франкл кітабында «хористка» деп атаған. Яғни, хор айтатын қыздар. Олар сахнаға жүздеп шығып, бірдей болып киініп, бір ғана өлеңді бірдей толқында шырқап тұрады. Егер сен олардың біреуін саптан қуып жіберсең, одан өлеңнің сапасы нашарламайды. Тіпті қуылған жалғыздың бар-жоғын біліп болмайды. Немесе кез келгенін қуып жіберіп, орнына басқасын қоя салсаң да ештеңе өзгермейді. Өмірде тура солай. Талғамы тоқыраған қыздар хор айтатын қыздар сияқты бір-біріне ұқсауға тырысады. Бір-бірінен аумайтын, не арманы, не мақсаты жоқ инкубатор қыздармен қыдырғанда сері жігіт жауапкершілік арқаламайды.
– Сендер енді нағыз махаббатты аңсап, романтика іздеп тұратын жасқа келдіңдер. Адал махаббат – міндетті түрде жауапкершілікті талап етеді. Яғни, сүйген жігіт ғашығының алдында тонна-тонна міндеттерді арқалайды. Бірақ жігіт атаулының бәрі оны қаламайды. Олар мейлінше жауапкершілік арқалаудан қашады. Солай ғой?
– Иә, ағай, солай. Көбі қашады. Тиіп қашып жүргенді жақсы көреді, – деп мені мақұлдай түсті.
– Қашқандықтан да олар біртуар бойжеткенді емес, қуыршақ сияқты сұрауы жоқ топырлаған типтерді таңдайды. Яғни, қыдырып көңіл көтергісі келген жеңіл мінезді жігіт, дараланып тұратын ақылды қызға емес, бір-біріне ұқсап тұратын бір типті жеңілдерге «ауыз» салады.
– Қалай сонда?
– Солай. Олардың ең жақсы көретін типтерін Франкл кітабында «хористка» деп атаған. Яғни, хор айтатын қыздар. Олар сахнаға жүздеп шығып, бірдей болып киініп, бір ғана өлеңді бірдей толқында шырқап тұрады. Егер сен олардың біреуін саптан қуып жіберсең, одан өлеңнің сапасы нашарламайды. Тіпті қуылған жалғыздың бар-жоғын біліп болмайды. Немесе кез келгенін қуып жіберіп, орнына басқасын қоя салсаң да ештеңе өзгермейді. Өмірде тура солай. Талғамы тоқыраған қыздар хор айтатын қыздар сияқты бір-біріне ұқсауға тырысады. Бір-бірінен аумайтын, не арманы, не мақсаты жоқ инкубатор қыздармен қыдырғанда сері жігіт жауапкершілік арқаламайды. Олар ішінен «бұ сияқты қыздар толып жатыр. Ертең-ақ басқасын тауып аламын» деп уайымсыз «пайдаланады». Сондықтан ондайлардың талғамы жоқ жеңілтек қызбен ұзақ уақыт романс құруы екіталай. Әдетте, ер адам қайталанбас қасиеті бар ерекше қыздарға ғашық болады. Солардың алдында ғана жауапкершілік арқалайды. Бала кезде сендер де ешкімге ұқсамайтын ерекше едіңдер. Киім киістерің де, тамаққа талғамдарың да, сабаққа деген құмарлықтарың да саусақтың ізіндей қайталанбас ғажайып құбылыс еді. Өсе келе болмысыңды басқадан даралап тұратын өзіңе ғана тән талантың мен қасиеттеріңді қасақана өздерің күштеп жойдыңдар. 9-шы сыныптан соң-ақ бәрің жаппай жыртқыш болуды модаға айналдырдыңдар. Мұғалімнің бетінен алып сөйлеуді мәртебе санадыңдар. Өнер-біліммен дараланып, басқадан озып шығуды масқара санап, жақсы оқитын ақылды қыз көрсеңдер, соларға жан-жақтан қысым жасадыңдар. Онымен де қоймай басқаларды да өздеріңнен аумайтын «хористка» жасауға тырыстыңдар. Мектеп бітіре бастағанда да мамандықты өздерің емес, ата-аналарың таңдап берді. Ата-анаң «қазір ағылшын әлемді жаулап тұр. Сол тілді білсең аштан өлмейсің» деп ИнЯзға қинап тапсыртты ма? – дедім. Екеуі де жамырай қоштады.
Енді мына қызыққа қараңдар. Мысалы, қазір мен өзіме адал жар болатын ерекше қыз іздеп жүрген бойдақ жігітпін делік. Сендермен танысып, отау құру туралы серьезный жоспар құруым мүмкін бе? Меніңше, еш мүмкін емес. Себебі, екеуің де бірдейсіңдер. Талғамдарың да айнымайды. Екеуіңде де айфон. Прическаларың да ұқсас. Киімдерің де егіздердің киімі сияқты. Музыкалық талғамдарың да бірдей.
– Иә, иә. Рас айтасыз. Тура солай болды. Мен бала кезімде биге бейім болдым. Мамам: «Қызым, далбасалама. Ағылшын оқисың!» деп ИнЯзға әкеп тықты.
– Ал, не болды енді? Ағылшын тілін Advanced, Professional деңгейінде меңгердіңдер ме? Не ары емес, не бері емес күйде қалған шығар. Солай ма?
– Иә, біз сол жаргонмен кино көруден аспадық. Универде де әркімге бір прикол ұстап жүрдік те қойдық, – деп шынайы сөйлей бастады.
– Енді мына қызыққа қараңдар. Мысалы, қазір мен өзіме адал жар болатын ерекше қыз іздеп жүрген бойдақ жігітпін делік. Сендермен танысып, отау құру туралы серьезный жоспар құруым мүмкін бе? Меніңше, еш мүмкін емес. Себебі, екеуің де бірдейсіңдер. Талғамдарың да айнымайды. Екеуіңде де айфон. Прическаларың да ұқсас. Киімдерің де егіздердің киімі сияқты. Музыкалық талғамдарың да бірдей. Былайша айтқанда, сендер сияқты қыздар қалада толып жүр. Қазір қалаға МС Сайлаубек келсе, сонымен селфи жасау үшін бір-біріңді таптап кете жаздайсыңдар. Бәлкім, шынымен де Сайлаубектің өнері біреулерге ұнайтын шығар. Себебі, талғам әр түрлі ғой. Бірақ, мұншама қалың топтың музыкалық талғамы бірдей боп тұр дегенге кім сенеді?
– Иә, аға, рас айтасыз. Біз негізі группадағы қыздар не тыңдаса, соны тыңдап жүре береміз, – деді.
– Баяғыда менің үлкен ұлым маған бүй деген. Сабақ бітіп, мектептен тараған соң баламның досы «бағана сыныпта тыңдап отырған қазақша жырлар мен күйлеріңді бере тұршы мен де тыңдайын» депті. Баламның «неге сол кезде сұрамадың? Неге қайтқан кезде тыңдағың келе қалды?» деген сұрағына жолдасы «домбыра тыңдасам басқалар отсталый деп күледі» депті. Міне, Франклдың айтып отырған «тіршілік вакуумы» осыдан кеп шығады. Яғни, кеудесі қуыс, арман-мақсаты айқындалмаған адам көптің ығына жығылып, солардың қалауымен, солардың шешімдерімен өмір сүретін бейшараға айналады. Оны ғылымда конформизм дейді. Бұл көкіректе пайда болған түпсіз вакуумның ең зиянсыз болғандағы түрі. Яғни, жауапкершіліктен жұрдай қалың тобырдың арасына сіңіп, өзіңді адам ретінде жоясың. Ал егер бұл ауру асқынатын болса трагедияға апарып соқтыруы әбден мүмкін.
– Қандай трагедияға?
– Өмірден Мән таба алмай, тіршіліктен торыққан адам суицид жасайды. Вакуумның ең қорқынышты тұсы осы. Яғни, даңғырлап бос қалған кеудедегі апан өзіңнің басыңды жұтып жібереді. Сондықтан да Франкл былай деп тұжырым жасаған. Адам баласы бақытты іздеп таппайды. Адам Мәнді табады. Ал, бақыт құсы Мән бар жерге өзі келіп қонады деген. Бағана сендер «кейбір жігіттер қыздарды қолғапша ауыстырады» дедіңдер. Солай ғой?
Ер адам қызға есі кете ғашық болу үшін әйел заты қайталанбас тұлғаға айналуы керек. Яғни, ер жігіт сені көрген кезде «сенен айырылсам, дәл сен сияқты адал жарды басқа әлемнен таппаспын» деп шарасыз хәлге түсуі керек. Сонда ғана некелі өмірге Мән бітіп, құт-береке дарыған бақытты шаңырақты көтеруге болады.
– Иә.
– Енді басқаша ойланып көрейік. Ол жеңілтек жігітті бір шетке ысырып, уақытша қоя тұрып, сұрақты мына тараптан қойсақ қалай болар екен?
– Қандай сұрақ?
– Неге сендер өздеріңді арзан құнсыз қолғап дәрежесіне дейін түсіре бересіңдер? Бір-бірінен айнымайтын, қытайдан келетін арзан қолғапты кім күн сайын ауыстырмайды? Біреу сендерді қолдан қинап, құнсыздандырып жатыр ма?
Олар кәдімгідей ойланып қалды.
– Иә, аға, шыны керек, ол туралы осыған дейін мүлде бұлай ойланып көрмеппін, – деді біреуі.
– Енді Франклдың ойын ары қарай тыңдаңдар. Ер адам қызға есі кете ғашық болу үшін әйел заты қайталанбас тұлғаға айналуы керек. Яғни, ер жігіт сені көрген кезде «сенен айырылсам, дәл сен сияқты адал жарды басқа әлемнен таппаспын» деп шарасыз хәлге түсуі керек. Сонда ғана некелі өмірге Мән бітіп, құт-береке дарыған бақытты шаңырақты көтеруге болады, – дей бергенімде Есентай Моллға да келіп жеттік.
– Ал, қыздар әңгіме айтып отырып, келіп те қалдық. Осымен бүгінгі лекция тамам, – дедім. Әңгімеге әбден ұйып отырған екі бойжеткен амалсыздан түсуге ыңғайлана бастады. Біреуі жол ақысын беріп жатып:
– Ағай, біз енді не істейміз? – деп сұрады өте сынық, биязы дауыспен.
– Ешқандай паникаға салынбастан, бала кездеріңде тұншықтырып тастаған индивидтік қасиеттеріңді қайта табуға күш салыңдар. Әу баста Құдай бойларыңа не қасиет бітірді, соны қайта қалпына келтіріңдер. Қалың тобырға сіңісіп кетуге тырыспаңдар. Ішкі сымбатың мен сыртқы келбетің басқаларға ұқсамай дараланып, көзге ұрып тұрсын. Сосын Алматыдағы жігіттің сырттаны сендерді өзі іздеп таппаса маған келіңдер, – дедім.
– Рахмет, ағай, жолыңыз болсын! – деп қыздар қимай қоштасты. Көлік жылжи жөнелді.
Degdar.kz