Сіз кімсіз, Әшөт мырза? Армян олигархы түркітілдес елдерді ыдыратқысы келеді - әзірбайжан басылымдары

Dalanews 21 қыр. 2023 05:59 994

Өткен айда АҚШ-тың Қаржы мин-і Қазақстан, Ресей және Словакия аумағында тіркелген 3 компанияға санкция салғаны есімізде. 

Бұған аталған компаниялардың Солтүстік Корея және Қытай билігімен ауыз жаласқаны себеп болған.

Cанкцицяға іліккен Verus, Defense Engineering және VERSOR компанияларына Әшөт Мкртышев есімді армян азаматы иелік етеді деп жазады Dalanews.kz. 

Мкртышев басқаратын Defense Engineering-тің қонысы Қазақстанда. 2018 жылы ашылған компания 2000 шаршы метрге жуық аумақты алып жатыр. Кәсіпорынның негізгі қызметі тауар тасымалымен байланысты делінген.

Бізге белгілі болғандай Мкртышев компанияны 2020 жылы жетегіне алған. Соңғы екі жыл бойы кәсіпорын бұйрық күтіп жатқан, белсенділігі байқалмаған. Ашық ақпарат көздерінен белгілі болғандай Defense Engineering Ресейге кіргізуге тыйым салынған қару-жарақ, оқ-дәрі және жаңа технологияларды тасымалдаумен айналысады.

Армян кәсіпкерінің көлеңкелі бизнесін әшкерелеген АҚШ Мкртышевты жыл басында "қара тізімге" енгізген еді.

Әзірбайжандық ақпарат құралдарының мәлім еткеніндей соңғы 4-5 жылдың көлемінде армян кәсіпкерлері түрлі амалын тауып Кіндік Азияға кіруге тырысуда.

"Мұндағы мақсат тек ақша табумен шектелмейді. Армян лоббиі түркітілдес елдердің саяси және әскери елитасын әлсіретуді, оларға ықпал етуді көздейді. Олардың түпкі мақсаты -  аймақты Түркия мен Әзірбайжаннан ажыратып алу. Бір тудың астына бірікісі келетін елдерді ыдырату. Мұның арғы жағында армянтектес, әрі Ереванды қолдайтын ресейлік олиграхтар тұр", - дейді бауырлас елдің басылымдары.

DALA INSIDE телеграм арнасының хабарлауынша Мкртышев Әзірбайжанға тиесілі таулы Қарабақ аймағына ресейлік және словак қару-жарағын тасымалдаған. Ал Ресейдегі армян лоббиі Мкртышевтің қолтығына су бүркіп отыр. Оның Қарабақтағы кикілжіңді ушықтырғысы келмейтін Пашинянмен жұлдызы қарсы.

Айтқандай, Миттал Қазақстанды сабасына түсірді. Толығырақ: https://t.me/dalainside/1480

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар