Сыйлық аламын деп сан соғып қалмаңыз: ІІМ 14 ақпанның алдында ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 12 ақп. 2026 15:16

Ішкі істер министрлігі азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ғашықтар күні қарсаңында көпшілік сүйіктісіне ерекше сыйлық дайындауға асығады. Мереке қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат көбейеді. Алайда осы қарбаласты интернет алаяқтар да өз пайдасына жаратып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдауға тырысады. 

ІІМ мына ережелерді қатаң ұстануға кеңес берді:

  • тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;
  • әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
  • шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз, бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;
  • сатушыдан тауар нақты бар екенін растауды сұраңыз;
  • бейнеқоңырау арқылы дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтініңіз. Алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген фото жібереді;
  • төлем жасау кезінде сақ болыңыз: ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;
  • жеке деректеріңізді қорғаңыз.

"Бөгде адамдарға ешқашан құпиясөз, SMS код, CVV код және банк картасының толық мәліметін бермеңіз. Мереке тек қуаныш сыйласын. Сақ болыңыз және алаяқтардың құрбанына айналмаңыз", - деп ескерді полицейлер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove