Sincere Systems Group қаржы пирамидасына салған ел азаматтарының 52 млн теңгесі "күйіп" кетті

Кәмшат Тілеухан 06 там. 2025 10:41

Қарағанды облысында өзін шетелдік компания ретінде таныстырған қаржы пирамидасы көпті қарасора өндірісіне инвестиция құюға шақырған. Әрине, медициналық мақсаттағы. Бұған да иланып, ақшасынан айырылған қазақстандықтар бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарағанды облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті "Sincere Systems Group" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

Бұл қаржы схемасы шетелдік инвестициялық компания ретінде көрініп, азаматтарға жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция құюды сонымен қатар, медициналық каннабис өсіру мен сату, сондай-ақ басқа да "инновациялық" бағыттар ұсынынған.

Алаяқтық схеманы заңды әрі ашық етіп көрсету үшін жеке кабинеттері бар арнайы сайт әзірленген. Қолданушылар өз шоттарын SWP және SWCT ішкі токендерімен толықтырып, оларды фиат ақшасына айырбастай алған. Алайда, салымшылардың қаражатын күдіктілер өз қажетіне жаратқан.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 52 млн теңгеден асты.

"Сот санкциясымен Астана және Теміртау қалаларында орналасқан күдіктілердің жалпы құны 76 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.Күдіктілерге қатысты үй қамаққа алу және елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды", делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін сайтымызда "Қаржы пирамидалары құрыққа көптеп ілінсе де, айылын жияр емес" деген мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар