Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ 19 жастағы жігіттің жолда қауіпті маневр жасаған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Осы жазба арқылы полицейлер оның жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматы полициясы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушінің видеосын анықтаған.
Тексеру нәтижесінде көлікті басқарған адамның Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Полиция мәліметінше, жас жігіттің мүлде жүргізуші куәлігі болмаған. Осыған байланысты оған әкімшілік жауапкершілік жүктелді.
Бұдан бөлек, оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде сараланып, сот шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.