СІМ Еуроодақпен келіссөздердің қандай бағытта жүріп жатқанын түсіндірді

СІМ Еуроодақпен келіссөздердің қандай бағытта жүріп жатқанын түсіндірді
shutterstock

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуроодақпен жүргізіліп жатқан келіссөздерге қатысты түсініктеме беріп, олардың тек визалық талаптарды жеңілдету мен реадмиссия мәселелеріне қатысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, келіссөздер Қазақстан азаматтарына арналған визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдерді талқылау аясында ғана жүргізіліп жатыр.

Ол Қазақстан аумағында босқындарды ұстау орталықтарын құру мәселесі бойынша ешқандай келіссөз жүріп жатпағанын ерекше атап өтті.

«Реадмиссия туралы келісім Қазақстан азаматтары елден заңсыз кеткен жағдайда оларды қайта қабылдау міндеттемесін ғана білдіреді», – деп түсіндірді Жетібаев.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келіссөздер былтырғы 2 желтоқсанда Брюссельде басталған. Олар екі негізгі бағыт бойынша жүргізіліп жатыр: визалық режимді жеңілдету және реадмиссия.

Бұған дейін министрлік келіссөздерді 2026 жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.