Швейцарияның Федералдық кеңесі Венесуэла басшысы Николас Мадуроға және онымен байланысы бар тұлғаларға тиесілі, ел аумағында сақтаулы барлық активке тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алайда бұл шектеу Венесуэланың қазіргі үкімет мүшелеріне қолданылмайды.
Қабылданған шешім жарияланған сәттен бастап күшіне енді және арнайы хабарлама шыққанға дейін төрт жыл бойы әрекет етеді. Швейцария билігінің мәлімдеуінше, шара алдын алу мақсатында енгізілген. Сондай-ақ ол заңсыз жолмен алынуы мүмкін қаражат пен мүліктің елден шығарылып кетуіне жол бермеуге бағытталған.
Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұсталғанын мәлімдеген болатын.
Трамптың жазуынша, АҚШ Венесуэлаға және ел басшысы Николас Мадуроға қарсы ауқымды операция жүргізген. Оның айтуынша, Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден эвакуацияланған. Операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарылған.
Dalanews.kz редакциясы аталған мәселеге байланысты саясаттанушы Қазбек Майгелдинов пен экономист әрі R-Finance сарапшысы Арман Байғановтың пікірін сұрап білген еді.
