Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түскен. Қазіргі уақытта 6 науқасты Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындық жүргізіліп жатыр.
"Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медициналық мамандар тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде", - дейді Ақмарал Әміренова.
Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты.
Салдарынан жеті адам қаза тапты.
