Биыл ШҚО-ға қарасты барлық аудан орталықтары интернет желісіне қосылғанын атап айтуымызға болады. Бұл ел Тәуелсіздігнің 30 жылдығында қол жеткізген маңызды жұмыс болып тұр. Бүгін журналистермен кездесіп, жұмыстарын қорытындылаған ШҚО Цифрландыру басқармасының басшысы Марина Гагарина мұндай биік межеге қалай қол жеткізгендерін тарқатып айтып берді.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы 683 ауылдық окургтердің тұрғындары жоғарыжылдамдығы 8 Мбит/с құрайтын интернет желісіне қосылған. Ал 261 ауыл жоғарыжылдамдығы 2 Мбит/с құрайтын интернет желісін пайдаланса, ең төменгі 0,5 Мбит/с интернет желісіне 145 ауыл қосылған.
– Бүгінде облыс аумағында интернет желісінің сапасын жақсарту бағытында «250+» деп аталатын жоба жүзеге асуда. Бұл – жоба толық жүзеге асқан сәтте облыс тұрғындары жалпыжолақты мобильді интернетке қол жеткізетін болады. Мұндай интернетпен халық цифрлы мемлекеттік қызметтерді еркін пайдалана алады. Сонымен қатар аталған жоба аясында 31 ауылдағы спутиктік трансмиссияларды жер бетіне орнату және 32 ауылды 3G/4G технологияларына қосатын боламыз. Сонымен қатар 58 антаналық мачтарды ауыстырып, байланыс сапасын жақсартуды көздеп отырмыз, – дейді Марина Гагарина.
Бүгінде Алтай ауданына қарасты Бородино ауылында жаңа антаналық мач орнатылып, халық қызығын көре бастаған.