ШҚО мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, 21 000 бала мектеп табылдырығын аттады

Dalanews 01 қыр. 2021 11:55 900

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!⠀

1 қыркүйек – балаларымыз үшін, әсіресе бірінші сыныпқа баратын оқушыларға өте маңызды күн. Бүгін Шығыс Қазақстан облысында 20 мың бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттады.

Олардың жетістіктері ата-аналардың да, мұғалімдердің де мақтанышына айналатынына сенімдімін. Ал жоғары сыныпты аяқтап, мектептен түлеп ұшатын түлектер үшін мамандық таңдап, одан әрі үлкен өмірге қадам басар алдындағы оқу жылы басталады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі уақытта білім саласын жаңғырту жұмыстары барынша жоғары деңгейде жүргізілуде. Білім беру процесіне заманауи нысандар мен инновациялық әдістемелер енгізіліп жатыр. Бүгінгі жас ұрпақтың сапалы білім алып, биік белестерді бағындыруына мүмкіндік мол, – делінген облыс басшысының құттықтауында.

Облыстағы мектептің барлығында бірінші қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты лездеме өтті.

Биылғы жылы Шығыс Қазақстанда бірінші сыныпқа 21 000 бала барды. Салтанатты шара аясында алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге әліппе табысталды. Бас санитарлық дәрігердің ұсынысына сәйкес, мерекелік лездемеге бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының біреуі ғана қатысты.

2-11 сынып оқушылары үшін бүгін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақарыбында біріңғай сынып сағаттары өтті. Барлық оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген және оқуды бастауға дайын екендігі атап өтілді.

COVID-19  короновирус инфекциясына бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы жылы мектептерде білім беру санитарлық-эпидемиологияға қарсы шараларды сақтай отырып жүргізілетін болады. Сонымен қатар облыстағы барлық білім беру мекемелері «Ashyq» жобасына қосылған, мектептер қорғаныс жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні облыста білім ұйымдарының 29 562 педагогы екпе алған, олардың 21 251-і мектеп мұғалімдері.

Оқушыда немесе оның жақын туыстарында COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайы орын алса, онда оқушы қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі. Ноутбуктар беріледі.

Оқушылар, педагогтар мен қызметкерлер үшін күнделікті "кіру" сүзгісі қамтамасыз етілген. Бұқаралық, сонымен қатар мектепке дейінгі және орта білім беретін ұйымдарда топтар мен сыныптарды біріктіретін іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Зертханалық және тәжірибелік сабақтарды қоспағанда, кабинеттік білім беру жүйесі тоқтатылады. Яғни, «бір сынып – бір кабинет» принципі қолданылады.

Үзілістерге тоқталсақ, олар 10 минуттан және әр-түрлі уақытта болады. Асханалардың жұмысы да кестеге сәйкес ұйымдастырылған. Аз қамтылған және көпбалалы отбасы тізіміне кіретін 37 мың оқушы ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіледі. Осы санаттағы 44 мың оқушы тегін мектеп киімі мен аяқ-киімдерін алды.  Облыстағы мектептері жоқ 220 тұрғылықты мекендегі 3 020 оқушыға 134 білім ұйымына 195 автобуста тасымалдау ұйымдастырылды.  Соның ішінде биылғы жылы үш мың баланы тасу үшін 26 жаңа мектеп автобустары сатып алынды.

Биылғы жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асырылады. Жаңа оқу жылы басынан бастап сабақ арасындағы үзілісте кесте бойынша 20 минуттық кітап оқу енгізіледі. Мектеп холлдарында «Буккроссинг» бұрыштары ашылады.

Оқушылар арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударылады. Бүгінгі күні 4 190 спорт үйірмесінде 79 690 бала жаттығады, бұл 42% құрайды.

Биылғы жылы тағыда қосымша 1 268 спорттық үйірме ашылды. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақыларын ұлғайту мақсатында спорттық үйірмелерді жүргізгендері үшін Республикалық бюджеттен  552 млн. теңге сомасында қосымша еңбекақы төлеу қарастырылған.

Білім беру мекемелерінде балаларға қауіпсіз орта құру мәселесі басымдыққа ие. Осы мақсатта облыстағы жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер 100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Қалалар мен аудан орталықтарындағы мектептер, яғни 181 білім ұйымдары мамандандырылған күзет қызметімен күзетіледі. 113 мектептегі бейнебақылау ішкі істер органдарының жедел басқару Орталығына қосылған. 181 мектепте дабыл түймелері мен турникеттер орнатылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар