Соңғы мәліметке сай Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан "қызыл аймаққа" енді. Ал Шығыс Қазақстан облысы "жасыл аймаққа" өтті.
Індеттің таралуы көрсеткішін бақылап отыратын арнайы жүйенің мәліметі бойынша "қызыл аймаққа" Нұр-Сұлтан қаласынан бөлек Павлодар және Ақмолы облысы енген.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысы "сары аймақта" жүр. Соған сай карантин талаптары сақталып, бақылау жұмысы күшейтіледі.
Өзге облыстар "жасыл аймаққа" енген, мұндағы жағдайы бірқалыпты, індеттің таралуы аз да болсын тежелген, осы себепті мұндай өңірлерде карантинге байланысты шектеулер біртіндеп жұмсарады. Соңғы тәулікте "жасыл аймаққа" Шығыс Қазақстан облысы енді.
Қазақстан тұтастай алғандай "жасыл аймақта" тұр.