ШҚО-да халықтың интернетке қол жетімділігін арттыру үшін 1,3 млрд теңге бөлінген

Dalanews 26 мам. 2023 06:40 1038

ШҚО  жұмыс сапары аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге Ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталыққа барды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахуалдық орталықта министр "Сергек", "Бірыңғай байланыс орталығы 109" және "бірыңғай кезекші-диспетчер қызметі 112" жүйесі және "ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы" ақпараттық жүйесімен танысты.

Сонымен қатар Даниал Ахметов пен Бағдат Мусин ШҚО-да тұңғыш рет «Astana hub» көмегімен пайдалануға беріліп отырған өңірлік "Oskemen IT-hub"  ашылуына қатысты. Мұндағы негізгі мақсат өңірдегі жастардың IT жобаларын қолға алып,  іске асуына қолдау көрсетіп, облыстағы мектептер мен жоғары оқу орындарындағы талантты жастарды іріктеп алу болып табылады.

Биыл 20-30 IT жобаларды "Oskemen IT-hub" іске асыруды көздеп отыр. Ал облыс әкімдігінде өңір басшысы мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің интернет желісіне  сапалы кең  жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қойды. 


Аймақ тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізу үшін облыс әкімі Даниал Ахметов 1,3 миллиард теңге бөлінгенін жеткізді.  Сонымен қатар ШҚО-ның IT-қоғамдастығын дамытудағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасалды. Министр жұмыс сапарын қорытындылап, ШҚО-да цифрландыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

– Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласының цифрландыру бағыты бойынша, оның ішінде бірегей онкологиялық ауруларды, туберкулезді, пневмонияны (оның ішінде ковидті) ерте сатысында  анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект «PACS жүйесі» жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар Өскемен қаласы еліміз бойынша Smart sity  қалалардың рейтингі бойынша  3-ші орында. Бұл үлкен жетістік.  Медицина саласы бойынша жаңа технологияны пайдалану бойынша елімізде алдыңғы қатарда сіздердің аймақтарыңыз, – деді Бағдат Мусин.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар