2019 жылдың эпидемиялық маусымында ЖРВИ мен тұмаудың 12, 6 мың жағдайы тіркелді. 2020 жылы бұл көрсеткіш 6,4 мыңды құрады. Осылайша, аталған ауруларды емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар ең пессимистік болжамдарды ескерсек 2021 және 2022 жылдардағы 2 эпидмаусымға жеткілікті көлемде.
Денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, короновирустық инфекцияны емдеудің клиникалық хаттамасы аясындағы дәрілік препараттар бойынша: облыста Надропарин, Клексан, Арикстра, Гепарин, Ривароксабан антикоагулянтты препараттары, вирусқа қарсы Ремдесивир препараты, соынмен қатар глюкокортикостероидты және вазопрессорлы препараттар бар.
Төсек орындар толық толған жағдайда антикоагулянттар қоры 24 күнге, глюкокортикостероидтар – 45 күнге жетеді. Реанимациялық бөлімшелерге түскен пациенттер үшін вазопрессорлық препараттар саны 23 күнге, инотропты препараттар – 40 күнге жеткілікті.
Мәліметтер бүгінгі күні медициналық ұйымдардағы қолда бар дәрі-дәрмек негізінде жасалып отыр. Бұған қоса әрбір медициналық ұйымда жыл соңына дейін препараттарды жеткізу кестесі бар.
Ауруханалардаға төсек орындардың бір мезетте толмайтынын ескерсек қолда бар дәрі-дәрмектер 30 күндік мерзімге жеткілікті. Денсаулық басқармасы қажеттілік туған жағдайда «СК-Фармация»-ның бірыңғай дистрибьютері арқылы жеткізу мерзіміне түзету енгізіп, қосымша препараттарды 10-14 күнде жеткізу қарастырылатынатап өтті. . Дәрілік заттарды сатып алу бойынша барлық шығындар жылдық қаржыландыру аясында медициналық ұйымдарға бөлінген.