Шығыс Қазақстан облысындағы шенеуніктер тендерде "қалай жеңу керегін" түсіндіретін құжатты байқамай салып жіберген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Самар-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері 270 мың теңгеге автокөлікті сақтандыру бойынша конкурс жариялаған болатын. Лоттың күші жойылды, бірақ ол мемлекеттік сатып алу порталында әлі тұрған көрінеді.
Техникалық сипаттамада тоғыз автокөлікті сақтандыру туралы айтылады, сонымен қатар конкурста қалай жеңіске жетуге болатындығы туралы нұсқаулық салынып кеткен.
"Болды, көліктер туралы артық ештеңе хабарламаңыздар: мемлекеттік нөмірі де, кузов нөмірі де, техпаспорт нөмірі де айтылмасын. Ол айтылып кетсе басқа өңірдегі, мысалы Петропавлдағы сақтандырушылар да сол ақпаратқа негізделіп алады. (...)
Дайын болған кезде маған айтыңыздар. Екі күн бұрын айтып қойған дұрыс. Өз адамдарымды ескертіп үлгеруім керек. Жұмыс уақытында дайын болу керек.
Лот нөмірін көрген кезде маған хабарын беріңіздер. Оны өз адамдарыма беремін де сіздер порталға шыққан кезде біздікілер сіздерді көруі керек. Бәрін мен жазғандай істесек бәрі дұрыс болады", - делінген құжатта.