ШҚО-да ЖОО мен колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ақтоты Жапатова 15 мам. 2025 12:12 414

Өскемендегі Республика алаңында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауқымды «Шығыс маманы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 2 мыңнан астам жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, студенттер қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жәрмеңкеге 113 жұмыс беруші келді, оның ішінде 2000-нан астам жұмыс орнын ұсынған ірі кәсіпорын өкілдері де бар.

Шара ұйымдастырушысы – ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен Еңбек мобильділігі орталығы.

"Кеңес беру алаңдарында қызметкерлеріміз субсидияланатын жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар іс-тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобалары жайлы түсіндірді. Түрлі компаниялар 2000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды", - деді Еңбек мобильділігі орталығының директоры Арайлым Есімбекова.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген түлектердің көбі жұмысқа тұру үшін іс-тәжірибеден өтуге, интервью-әңгімеге шақырылды, кейбіреулер бірден жұмыс тапты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар