Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тергеу тоқтатылды

Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тергеу тоқтатылды
smartnews.kz коллажы

Атырауда бірнеше адамның өліміне қатысты аты аталған С. Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйеліне қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Бұл туралы Astana TV телеарнасының Атыраудағы меншікті тілшісі Базаргүл Нәдірқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі Мұқанғалиеваға қатысты қылмысты жасырды деген күдік болған. Алайда тергеп-тексеру қорытындысы бойынша оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы анықталмаған.

Бұл туралы облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлеймен мәлімдеді.

"Тергеп-тексеру нәтижесімен Мұқанғалиеваның іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша дәлелденбеуіне байланысты 2026 жылғы 24 маусымда Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды", – деді Айсұлу Сүлеймен.