Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйінде көлік жүргізді деген күдікке ілінді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйінде көлік жүргізді деген күдікке ілінді
Ашық дереккөз.

Астанада үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл оқиғаға 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Данияр Елеусінов күдікке ілінді.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жол апаты Нұра ауданындағы Төле би көшесі мен Халифа бен Заид әл-Нахаян көшесінің қиылысында, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы маңында болған.

Мәліметке сәйкес, Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі жол апатынан кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Іздестіру шаралары барысында аталған көлік Достық көшесінде, «Хан Шатыр» маңында тоқтатылған.

БАҚ ақпараты бойынша, көлік тізгінінде болған Данияр Елеусінов мас күйінде болған. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, тексеру жүргізілуде.

Ескерту: Бұл құқық қорғау органдарының алдын ала ақпараты. Ресми тексеру аяқталғаннан кейін қосымша мәлімет жарияланады.