ШҚО бойынша банкроттық 277 кәсіпорынға қатысты қолданылды

Dalanews 21 сәу. 2023 15:32 799

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Сайран Уалибекова бүгінгі күні банкроттық рәсімі 277 кәсіпорынға, ал оңалту рәсімі 25 кәсіпорынға қатысты қолданылғанын мәлемдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Мен банкроттық рәсімнің процедуралардың әрқайсысына тоқталып, мәнін түсіндіргім келеді. Банкроттық борышкердің, кредиторлардың немесе өзге де уәкілдердің сотқа берген өтініші негізінде ерікті түрде белгіленеді. Сотқа жүгіну үшін тұрақты төлем қабілетсіздігі, ал борышкерді сот тәртібімен банкрот деп жариялау үшін оның дәрменсіздігі негіз бола алалды, – деді Сайран Уәлибекова.

Ол сондай-ақ банкроттық рәсімінің мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылатынын қосты. Рәсімді өткізу мерзімі 9 айды құрайды және негіздер болған жағдайда кредиторлар жиналысымен 2 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

– Оңалту-сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның шеңберінде борышкерге төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған ҚР заңнамасына қайшы келмейтін құқықтық және өзге де шаралар қолданылады. Уақытша төлем қабілетсіздігі борышкердің немесе кредитордың оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа өтініш беруі үшін негіз болады. Егер өтініш берілген күні бір немесе бірнеше жағдайлар болса, төлем қабілетсіздігі уақытша болып табылады, – деп қосты спикер.


Оңалту рәсімін қолдану шеңберінде кредиторлармен бірлесіп кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес берешекті өтеу кестесі негізінде  кәсіпорынды оңалту жоспары жасалады.

"Кәсіпорынның оңалту мақсаты борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Жоспарды іске асыру мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс", - деді С.Уәлибекова.

https://dalanews.kz/news/89147-antikor-qulybaevtyng-senimdi-sergin-u

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар