ШҚО аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің 57 пайызы жаңа басқару жүйесіне көшті

Dalanews 08 жел. 2021 18:03 1151

Шығыс Қазақстан облысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшіру ісі қарқынды жүзеге асуда. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында қолға алынған бұл реформаны өңірде 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа реформаны іске асырғаннан кейін пәтер иелері коопертивтерін жойылып, оның орнын мүлік иелері бірлестігі мен серіктестіктер құрылатын болады.

ШҚО Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше облыс аумағында 5600-ден астам көп қабатты тұрғын үй бар. Алдағы уақытта осы тұрғын үйлердің 4584-і жаңа басқару жүйесіне көшіріледі.

Күні бүгінге дейін өңірдегі 61 көппәтерлі тұрғын иелері өзара мүлік иелері бірлестігін құрса, 2 552 пәтер иелері серіктестік құрып үлгерген. Бұдан Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы тұрғын үйлердің 57 пайызы жаңа басқару жүйесіне көшкенін байқаймыз.

– Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлердің жаңа басқару жүйесіне көшу ісі 16 аудан мен қалада толық аяқатлды. Олар – Курчатов, Риддер, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулихин, Глубоке, Жарма, Зайсан, Катон-Қарағай, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха ауданы. Ал Өскемен мен Семей, Алтай ауданында жұмыстар жалғасуда, – дейді ШҚО Энергетика және түрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.


Сала маманының айтуынша бүгінде облыс орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің 35 пайызы жаңа басқару жүйесіне өтсе, Семейді – 35 пайыз, Алтай ауданында көрсеткіш 85 пайызға жеткен.

Жаңа реформаға сәйкес кондоминиумды басқару және жалпыға ортақ мүлікті күтіп ұстаудың құны белгіленген. Айталық, Өскемен қаласында кондоминиумды басқару және жалпыға ортақ мүлікті күтіп ұстаудың құны 1 шаршы/мтерге 42 теңге болса, Курчатов қаласында – 25 теңге, ал Шемонаиха ауданында 39 теңгені құраған. Ал қалған аудандарда кондоминиумды басқару және жалпыға ортақ мүлікті күтіп ұстаудың құны бекітілуде.

Өз кезегінде Нұрлан Рамазанов «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй қоры есебінен апаттық жағдайдағы үйлерге реновация жүргізілетінін алға тартты.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы бойынга 63 көппәтерлі тұрғын үй апатты жағдайда деп танылған. Оның көпшілігі, яғани, 38-і Өскемен қаласында орналасса, қалған 22-і Семейдің еншісіне тиеді. Ал Риддел, Курчатов және Глубоке ауданында апатты деп танылған бір-бір үй бар.

2022-2025 жылдар аралығында апатты деп танылған 24 үйге реновация жүрігіледі деп күтілуде. Оның 13-і Өскеменде болса, 10-ы үй Семейде ораналсқан.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар