Арнайы комиссияны ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Нұрланғазы Ибраев басқарған. Комиссия құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары, атап айтқанда, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Роза Қожапова, Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық мониторингілеу департаментінің директоры Манар Смағұл, С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Марина Головенко кірген.
Республикалық комиссиямен қатар, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының комиссиясы да құрылғанын айта кеткен жөн. Оған басқарма басшысы Райфа Сафиоллинова жетекшілік етті.
Комиссия жұмысы барысында Үржар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ж.Б.Тілеуберлиннің БАҚ өкілдеріне балалардың А гепатиті жұқпасын жұқтыруына қатысты жаңылыс ақпарат бергені анықталды.
2018 жылғы қаңтар айының 16 күніне белгілі болған ақпарат келесідей – 2017 жылғы қыркүйек айы мен 2018 жылғы қаңтар айы аралығында науқаспен қарым-қатынаста болған 46 бала тексерілуден өтті. Олардың 25-сі аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған. Бөлімшеге жатқызылғандардың 12-де сары ауыру диагнозы расталып отыр.
Сонымен қатар республикалық және облыстық комиссия Шолпан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға тағы 19 адамның медициналық көмекке жүгінгенін анықтады. Алайда аудандық аурухана басшылығының эпидемиологиялық жағдайға немқұрайлығы кесірінен ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына амбулатория басшылығы дереу мәлімет бермеген. Салдарынан 19 науқас ресми статистикаға еңгізілгей қалған. Олардың барлығы дер кезінде амбулатроиялық деңгейде емдеуден өткен. Қазіргі уақытта олардың денсаулығы қалыпты және жанындағы адамдарға қауіп төндірмейді.
Комиссияға Шолпан ауылыны тұрғындары тарапынан кәмелеттік жасқа толмаған баланы Үржар аудандық орталық ауруханасына жеткізу үшін және дәрі-дәрмек алу үшін ата-анасының ақша төлегені жайлы шағым түсті.
Қазіргі уақытта бір баланың қайтыс болуына байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар аталмыш ауылдағы марқұм болған қыз балада гепатиттің А түрі емес, фульминантты, яғни басқа ауыр түрі мен өткір бауыр некрозы болуы мүмкін деп отыр. Қортындысы ІІБ тексеру амалдарынан кейін жарияланады.
Жалпы тексеру нәтижесінде аудандық орталық аурухана басшылығы өрескел бұзушылықтарға жол берген: тұрғындарға медициналық көмек көрсету мен оның сапасын қадағалау немқұрайлы жүргізілген, санитарлық талап ережесі орындалмаған, диагностика жасау мен емдеу протоколы сақталмаған, тіркеуге алу-есеп беру құжаттары дұрыс жүргізілмеген.
Анықталған бұзушылықтар бойынша таяу арада Үржар аудандық орталық ауруханасындағы жауапты тұлғаларға қатысты шара қолданылатын болады.
Ал әзірге жұқпалы А гепатитіне қатысты облыс пен Үржар ауданында жағдай тұрақты, маусымдық ауытқудың ұйғарынды шегінде деп отыр мамандар. Шолпан аулына келер болсақ, науқастармен қатынаста болған 140 балаға жұқпалы А гепатитіне қарсы екпе жасалған. Барлық үйлер мен ауылдағы мектепке дезинфекция жасалып, ауыз судан 62 рет сынама алынып, таза екені анықталды.