– Футболда жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Біздің командамыз еліміздегі UEFA-ның халықаралық талаптарға сай бой түзеген стадионда өнер көрсетеді. Футбол бұл – командалық ойын. Сондықтан да, менің айтарым «Тұран» футбол командасының Қазақстан чемпионатында Премьер лига командалары арасында жақсы жетістіктерге жетуі үшін барлық жағдай жасайтын боламыз. Расында да, біздің жігіттердің жеңіске деген күш-жігерлері жетеді, – деді Ө.Естайұлы.
Басқосу барысында «Тұран» футбол командасының құрамы өте талантты жергілікті футболшылармен, жасақталғандығын, оларды білікті бапкерлер жаттықтыратындығына да тоқтала өтті. Жиынға арнайы қатысқан
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Түркістан облыстық футбол федерациясының президенті Хәкім Көшқалиев те ойыншыларымызға мол сенім білдіріп, келешекте өңірімізде футбол əлемдік рангіде жандана түсетіндігін айтты.
Сонымен қатар, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев облыс басшысына биылғы чемпионатта барынша жоғарғы орындардан көріну үшін жұмыс жасайтындарын жеткізді.
Естеріңізге саламыз чемпионаттың 9 турында «Тұран» командасы сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» футболшыларымен кездеседі.
Матч 3-ші мамыр күні, сағат 18:00 басталады. Кездесу Шымкенттегі БИІК футбол орталығындағы «Намыс» стадионында өтеді.