Шыментте көшедегі төбелестен кейін 12 адамға іздеу жарияланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл ақпарат телеграм арналарда тарай бастады.
Бұған дейін Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталғаны хабарланған еді.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталған.
"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.
Бұл жайт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адамды ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалған.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаны хабарланды.
