Шымкентте ұлтаралық араздық тудырған күдікті ұсталды

Сағыныш Сардарова 03 мам. 2025 13:17 350

Шымкентте ұлтаралық араздық тудырған күдікті ұсталды. Қалалық Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында ұлттық араздықты тудыру белгілері бар видео анықталған.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 174-бабымен "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер" қылмыстық іс тіркелді", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар