Шымкентте қызға зорлық көрсетті деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, аталған оқиға бойынша бірден қылмыстық іс қозғалып, оқиғаға қатысы бар барлық азамат анықталған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынған.
"Тергеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу аясында жәбірленушілердің есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін деген ақпарат та тексерілуде", – деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде жас жігіт пен қыздың соққыға жығылып, қорлық көргені түсірілген видео тараған еді. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қыз жыныстық зорлыққа да ұшыраған болуы мүмкін. Ал оқиғаның есірткі бизнесіне қатысы бар адамдардың тапсырмасымен жасалғаны айтылуда.
