Ауруханаға бір отбасынан әр түрлі жастағы бес адам келіп түсті: 2000, 2002, 2014, 2017 және 2019 жылы туылғандар.
Басылымның мәліметінше, ішіндегі ең кішкентайы ауруханада түскенде клиникалық өлім жағдайында болған. Оны құтқару мүмкін болмады, бала көз жұмды.
Тағы екі бала жан сақтау бөліміне жатқызылды. Олардың ағзаларында қазіргі уақытта белгісіз улы заттардың күшті әсері бар екені анықталды. Оларға токсикалық шок диагнозы қойылған.
Ересек балаларға қажетті көмек көрсетілді, содан кейін олар үйлеріне босатылды. Бұл отбасы "Север" ықшамауданы төңірегіндегі туыстарына барғанда уланған. Арнайы құралдарды қолданған мамандар жасаған сараптамаға сәйкес, оқиға орнында көміртегі оксиді тіркелмеген.
Кейінгі зерттеу үшін сарапшылар тамақ өнімдерін алып, тексеріп жатыр. Отбасы көрші пәтерлердегілер қандаланың көзін жою үшін зарарсыздандыру жүргізіп, соның кесірінен улануы мүмкін деген болжам бар.