Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Қаракөз Амантай 02 сәу. 2024 09:49 2208

Шымкент қаласы аудан әкімінің орынбасары кәсіпкерден пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Антикор мәліметінше, биыл 1 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А.Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа қатысты үкім жариялады.

"Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында мегаполисті абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберінде, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қамқоршылық жасағаны үшін кәсіпкерден 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген мәліметте.

Сондай-ақ сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар