Шымкентте 7 жасар оқушының сөзінен кейін мұғалім ұсталды: егжей-тегжейі белгілі болды

Сағыныш Сардарова 27 ақп. 2026 15:57

Шымкентте 7 жасар оқушының сөзінен кейін мұғалім ұсталды. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілі егжейін-тегжейін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша кәмелетке толмаған балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

"Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жағдай анықталғаннан кейін бірден оқиға орнына барып, баланың анасымен тұрақты байланыс орнатты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Баланың қауіпсіздігі мен амандығы – басты басымдық. 2024 жылдан бастап елде кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық үшін заң талаптары қатаңдатылды. Физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, мұғалім 7 жасар оқушыға жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасады деген күдікке ілінген. Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқушы үйіне келгенде 36 жастағы мұғалім тізесіне отырғызып, ерсі әрекет жасағанын жеткізген. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove