"ОҚО ТЖД барлық құрамына және Шымкент қалалық ТЖ басқармасының жеке құрамына мұнай базасындағы резервуардан шыққан өртті сөндірудегі шұғыл әрі нақты әрекеттері үшін алғыс білдіремін. Өрт сөндіруде жұмыла әрекет еткен және штабты дұрыс ұйымдастырған Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы, азаматтық қорғаныс ісінің полковнигі Дербисов Нұрболат Бекболатұлы және Шымкент қалалық төтенше жағдай басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс ісінің подполковнигі Жақсыбаев Мадияр Есенгелдіұлының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Шымкенттің барлық коммуналды қызметіне арнайы алғыс айтамын. Тек сіздердің жұмыла әрекет етулеріңіздің нәтижесінде ғана қайғылы жағдайдың салдары орын алмады. Сіздер өртті күрделі жағдайда сөндірдіңіздер - екпіні қатты желден қызыл жалын кез келген сәтте сол маңдағы басқа резервуарларға өтіп кетуі мүмкін еді. Сіздерге Шымкенттің барша тұрғындары атынан алғыс айтамын", – делінген қала әкімі Ғ. Әбдірахымов жолдаған алғыс хатта.