Шымкент полициясының басшысы қызметінен босатылды

Сағыныш Сардарова 20 қаң. 2026 17:46

Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм қыздың туыстарының өтініштерін тиісінше қарамаудың ықтимал дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Қылмыстық іс шеңберінде жедел ден қоймау және уақтылы шаралар қабылдамау бойынша барлық дәйек жан-жақты тексеріледі. Тергеу қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар, қызметтік тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша тәртіптік шаралар қабылданған.

"Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылып, бірқатар лауазымды тұлға ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысы ІІМ бақылауында. Тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы жедел тергеу тобы құрылған.

Айта кетейік, Президент Ұлттық құрылтайда шымкенттік Нұрайдың өліміне қатысты пікір білдірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove