Президент шымкенттік Нұрайдың өліміне қатысты пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 20 қаң. 2026 12:35

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте көшеде пышақталып мерт болған Нұрайдың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігі мен жергілікті құқық қорғау органдарына істі бақылауға алуға тапсырма бергенін айтты. 

"Шымкентте Нұрай есімді қыздың кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан аса өтініш түсті. Нұрайды аңдып, қоқан лоққы көрсеткен (күдікті). Ақыры арты адам өлімімен бітті. Осыған байланысты Ішкі министр министрлігіне, Шымкент полициясына құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокуроратура дабұл мәселені мұқият тексереді. Қыз алып қашу, адам ұрлау – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Мұндай қатігездікке жол беруге болмайды", – дейді президент. 

Еске салайық, 21 жастағы Нұрайды Шымкентте таныс жігіті көшеде пышақтап кеткен болатын. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Іс Ішкі істер министрлігінің бақылауында


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove