Мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндер үшін бұл күнделікті өмірде қазақ тілінде еркін сөйлеудің практикалық дағдыларын қалыптастыратын тамаша әрі тиімді мүмкіндік.
Үйірменің мақсаты – күнделікті тұрмыста адамдардың қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге үйрету. Қазір онда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін жетік меңгерген, тіл үйретуде тәжірибесі мол Надежда Александровна Шушаникова сабақ береді.
- Қала әкімі қазақ тілін үйрететін тегін клуб ашылғанда қуана-қуана қатысқандардың бірі мен болдым. Себебі, мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық тұрғын еркін меңгеруі керек деп ойлаймын. Бұл – біздің отанымыз, сондықтанда осы курсқа қатысып жатырмын, - дейді Фрышко Валентина Поляк және неміс этномәдени бірлестігінің өкілі.
Курс аптасына екі рет, дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 17.30-дан 18.00-ге дейін өткізіледі. Ал, қатысу үшін жас мөлшері маңызды емес.
Алдағы уақытта «Кел, сөйлейік!» сынды қазақ тілі үйірмелерін Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық филиалдарында ашу жоспарланып отыр.