Шара шымылдығын түрген облыс әкімі Даниал Ахметов саяси өзгерістер экономикалық дамуға тетік болатынын тілге тиек етті.
⠀
"Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Біздің алдымызда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдаманы жүзеге асыру міндеті тұр. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты біздің облыс жаңа форматта – әлеуметтік желілер арқылы жалғастырамыз", – дейді өңір басшысы.
Әкім осы орайда облыстық басқарма басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдіктерге ресми аккаунттарда осы бағытта тиімді жұмыс жүргізуді нықтап тапсырды.
Ахметовтың айтып өткеніндей әкімдіктегілер халықпен жұмысты жүрдектеткені жөн, түсінікті әрі сапалы ақпарат жариялауы қажет.
"Оқырмандарымен «тікелей эфир», «сұрақ-жауап» форматында ұдайы байланысқа шығып тұру тәжірибесін қолдану керек.
⠀
Бұл шаралар халықтың сенімін арттырып, тұрғындарды толғандырған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді", – деді Даниал Ахметов.