Шығыста белгілі қаламгер Серік Ғабдоллаұлының мерейтойына арналған мүшәйра өтті

Dalanews 10 жел. 2022 12:47 728

Тәуелсіздік күніне орай, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен шаһарында Ұлан ауданының тумасы, өңірге танымал ақын ақын Серік Ғабдоллаұлының 85 жылдық мерейтойына орай «Сөйле, менің жүрегім..» атты облыстық мүшәйра өтті.

Жас ақындардың өлең жазып, шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған мүшәйраға 18 үміткер қатысып, жырдан шашу шашты.

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада өткен шараның шымылдығын Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрхат Тоқтарханұлы түріп, ақындарға сәттілік тілей келе, өз ойын былай жеткізді.

"Тәуелсіздік күні-бұл біз үшін басты мереке.  Бүгін айтулы күнге орай және жерлесіміз Серік Ғабдоллаұлы ағамыздың 85 жылдық мерейтойына арналған облыстық мүшәйраны өткізіп, жас ақындарға құрмет әрі қолдау көрсеткіміз келді.

Береке-бірлікті, Бабалар армандаған Тәуелсіздікті өлеңдеріне арқау еткен ақындар жауһар жырларын тыңдап, пай-пай шіркін, дегің келеді", – деді Нұрхат Садықов мырза.

Аталған мүшәйраға ШҚО-ның Құрметті азаматы, белгілі ақын жазушы, журналист Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев, және ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин сынды тұлғалар қазылық етті.

 



Ақындардың сөз саптауы мен орамды ойлары қазыларын алқасын тәнті етті. Бас жүлде Қызырбек Дүргінбайұлына бұйырды.

Ал 2 орын Оразай Жеңісұлы, 3 орынға - Бағжан Елсінбекқызы, Дана Исағұлқызы ие болды. Мүшәйраға белсене қатысып, жүлделі орындар алған жас ақындар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар