Щучинскіде үй өртеніп, егде жастағы ерлі-зайыпты көз жұмды

Щучинскіде үй өртеніп, егде жастағы ерлі-зайыпты көз жұмды
ЖИ: Dalanews.kz

Ақмола облысының Щучинск қаласында тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы оқиға 29 қыркүйекке қараған түні болған. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын 90 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылған. Қазір өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Аталған дерек бойынша Ақмола облысы Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Полицияның алдын ала мәліметіне сәйкес, 39 жастағы жергілікті тұрғын үйді қасақана өртеген деген күдікке ілінген. Соның салдарынан сол үйде тұрған егде жастағы ерлі-зайыпты көз жұмған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.