Шетелде жүрген ел азаматтарына ақша айырбасына қатысты ескерту жасалды

Шетелде жүрген ел азаматтарына ақша айырбасына қатысты ескерту жасалды
shutterstock.com

Қазақстанның ішкі істер министрлігі шетелде жүрген қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрінен құлағдар етті. Қаскөйлер Telegram және WhatsApp-тағы отандастарымыздың чаттарына қосылып, қолайлы шарттар бойынша валюта айырбасын ұсынуы мүмкін, деп жазады Dalanews.kz.

Содан кейін ақша аудару үшін олар криптовалюта сатушылардың немесе дроперлердің реквизиттерін береді, ақша түскен соң хат-хабарларды жойып, едел-жедел чаттардан шығып кетеді.

Мамандар мұндай алаяқтық түрі бүгіндері Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ сияқты елдерде тіркеліп үлгергенін айтады. 

"Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі