Сотта Азамат Тоқтаубаевтың Нұрқанат Ғайыпбаевпен беттестірудегі жауабы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сотталушының айтуынша, ол бұған дейін сотталып, үйқамақта болғандықтан төбелеске араласпаған.
"Бұрын сотты болып, үйқамақта жүргеннен кейін ондай жанжалға араласпауға тырыстым. Сол маңда тұрған соң, ағамды ажыратып, "ол жерге бармай-ақ қойыңдаршы" деп айттым. Кейін ағам Дарханды алып келуге кетті. Сол сәтте кейбір балалар жүгіріп келіп, көлікке мініп, "кеттік, кеттік" деп үй жаққа қарай кетіп қалды. Басқа айтарым жоқ", – деді ол.
Айта кетейік, бүгін сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды. Ол сотта төбелестің қалай басталғанын баяндады.