Шаймарданов: «Техникалық мамандықтарға басымдық берілуі инженерлердің жаңа буынын жасақтайды»

Dalanews 17 қаң. 2022 18:02 773

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Жасұлан Шаймарданов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тек саяси ғана емес, әлеуметтік-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты міндеттер жүктеді. Елдегі халық тығыз орналасқан өңірлер үшін мақсатты гранттарды ұлғайту туралы бастамасын толықтай қолдаймын. Себебі жоғары білім Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болуы керек, – дейді Жасұлан Шаймарданов.

Оның айтуынша, қазір мектеп оқушыларының физикалық-математикалық дайындығы әлсіз. Сондықтан педагог тапшылығы сезілетін аймақтар үшін үздік мұғалімдерді тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеу оңды шешім болды.

– Мемлекет басшысы айтқан өте маңызды ойлардың бірі – техникалық білімге басымдық беру. Осының арқасында бізге өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге мүмкіндік жасалмақ, – деді Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар