Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық орта өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы шахтерлерден ақша бопсалаған. Бірақ жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Жедел қызметкерлер күдіктілерді толық анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстау операциясын жүргізді.
20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақтаи тәркіленді. Осындай қылмыстық әрекет Ақтөбе қаласында да тоқтатылды. Мұнда полиция көңіл көтеру орындарына бағытталған бопсалаушыларды анықтады. Қаскөйлер күш қолданумен және күзет қызметкерлеріне қысым көрсетумен айналысқан.
"Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың өзге де ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді полиция.
