Шахтадағы апат: бір адам қаза тапты

Самал Асқар 19 нау. 2026 19:38

Абай облысының Бородулиха ауданындағы шахтада болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dala News.

Полиция мәліметінше, іс тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша тіркелген.

Алдын ала деректерге сәйкес, 18-інен 19 наурызға қараған түні шахтада жарылыс жұмыстары жүргізілген. Соның салдарынан ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері күрт артқан.

19 наурыз күні таңертең жоспарлы жұмысқа түскен екі жұмысшы ес-түссіз күйде табылған. Оларға көмек көрсету кезінде учаске бастығы да уланып қалған.

Барлық зардап шеккендер жер бетіне шығарылған. Олардың біреуі көз жұмса, тағы екеуі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove