Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 27 қаң. 2026 11:43

Жамбыл облысында болған ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін араға алты ай салып, қылмыстық іс тергеудің негізгі кезеңіне өтті. Бұл жөнінде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда іске қатысушы тараптар тергеу материалдарымен танысып жатыр.

Аталған іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 245-бабының 4-бөлігі бойынша қаралуда. Бұл норма жол қозғалысы талаптарының бұзылуы салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза болуына әкеп соққан жағдайларға қолданылады.

Егер күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан шеттетілуі ықтимал.

Еске салайық, Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы 2025 жылы 27 шілдеде жол апатына түскен еді.

Полицияның мәліметінше, республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысы бағытынан Алматыға қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жол апаты салдарынан екі әйел қаза тапқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove