Шарлапаев Ресей утильалымды көтергелі жатқанын айтты

Көркем Алдабергенова 13 там. 2024 14:41 1425

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елде ескі көліктер көбейсе, қазақстандықтарға жолдарда жүру аса қауіпті болатынын айтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.

Күзде Ресейде кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін 70-85% арттыру жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Бұл сұраққа бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді. Шенеунік бұл елдегі автомобиль бағасының өсуіне әсер етпейді деп болжайды. 

“Баға айырмашылығына байланысты, өкінішке қарай, экологияға зиян келтіретін және жолдарда өте қауіпті жағдай туғызатын ескі көліктердің үлкен ағыны қайтадан пайда болуы мүмкін. Міне, осындай тәуекел бар, бұл өте нақты тәуекел. Басқа елдер заңмен импорттан қорғанады, оны автохлам деп атайық. Ал біз қорғанудың қажеті жоқ деп санаймыз. Міне, осы өсімге байланысты тәуекел бар (Ресейдегі утилсбор ставкалары-автор.) Автохлам Қазақстанға ағылады және біздің азаматтарымызға жолдарда жүру әлдеқайда қауіпті болады”, – деді Қанат Шарлапаев Үкімет кулуарында. 

Бұл ретте, министрлік басшысы көрші елдердің кәдеге жарату мәселесі бойынша ұстанымына назар аударды. 

“Олар оны жойып қана қоймайды, оны көтереді. Бұл жерде Қазақстан көлемі жағынан да, кәдеге жарату алымын бастапқы тіркеу жағынан да көршілерден едәуір артта қалғанын түсіну керек”, – деп түйіндеді Шарлапаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар