Алматыдағы Bes.Media редакциясында таң ерекше оқиғамен басталды. Басылым журналистері 10-қабаттың терезесінен ғимараттың сыртқы жағында тұрған екі жас жігітті байқап қалған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, олар кез келген сәтте биіктен құлап кетуі мүмкін болған. Журналистер алдымен оларды сөзбен көндіріп, қауіпсіз жерге шығуға тырысқан. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеген.
Осыдан кейін Bes.Media қызметкерлері Артем Шляхов, Александр Жданов және Дамир Байманов тәуекелге барып, екі жігітті ұстап қалып, күшпен ғимарат ішіне кіргізген.
Кейін жас жігіттер дәрігерлерге тапсырылды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері журналистерге батылдығы мен бейжай қарамағаны үшін алғыс білдірді.